Алматыда алғашқы медициналық көмек көрсету кызметінің жұмысы күшейеді

653

Алматы әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесіне түсіп отырған жүктеменің артқаны туралы да хабарлады. 

Алматыда алғашқы медициналық көмек көрсету кызметінің жұмысы күшейеді

Қала басшысы Instagram-дағы парақшасында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және пандемия жағдайында қалалықтарға медициналық көмек көрсету туралы жазды.

"Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Ең әуелі осы қызметке жүгінгендіктен, бұл – медициналық көмек көрсетудің негізі болып табылады", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімінің мәліметі бойынша, бүгінгі қалыптасқан жағдайда "виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы" ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды.

Бұлардан өзге, Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық ашылды.

"Оның міндеті – қауіп тобындағы пациенттерді тәулік бойы бақылау және емдеу. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді",– деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Алматы әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесіне түсіп отырған жүктеменің  артқаны туралы да хабарлады. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті, ал бұл індеттің көрінісі ретінде қарастырылуда.

Демек, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны да күрт ұлғайған. Егер мамыр айында 2,5 мың қоңырау шалынса, маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Бір бригаданың орташа тәуліктік жүктемесі екі есеге өсіп, 19 шақырымды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу