Алматыда әлі де террорларға қарсы операциялар жүргізілуде

943

Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырды. 

Алматыда әлі де террорларға қарсы операциялар жүргізілуде

Алматыда террорларға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты 19 қаңтар бірнеше аудандарында жол қозғалысы уақытша жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Полиция департаменті қозғалыс шектелген аймақтарды атады. Олар: 

- Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін солтүстік және оңтүстік бағытта;

- Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс және батыс бағытта.

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, елімізде 19 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де Төтенше жағдай режимі аяқталды.

Ол 5 қаңтарда енгізілген болатын. Төтенше жағдай сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы шерулерден басталған. Кейін оның арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу