Алматыда әлі де жоғары өрт қаупі сақталады

378

Алматыда 24-26 шілде аралығында жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алматыда әлі де жоғары өрт қаупі сақталады Фото: almaty.tv

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Алматыда сынап бағанасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада өрт қауіпі сақталатынын мәлімдеді. Осыған байланысты ведомство төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамаңыз;

- Бір желіге бірнеше электр құрылғыны қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;

- Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдыруға болмайды;

- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз.

Өрт қауіпті кезеңде Алматы қаласы ТЖД алдын алу шараларын күшейтті

"Таулы орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында бекітілген патрульдеу кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндері орман шаруашылығы мекемелері мен ЖПҚ өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шара өткізеді",- деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу