Алматыда алимент төлемеген борышкердің 1 жылға бас бостандығы шектелді

590

Сондай-ақ, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жазалау шарасы қолданылды. 

Алматыда алимент төлемеген борышкердің 1 жылға бас бостандығы шектелді Фото: canva.com

Алматы қаласы Наурызбай ауданы прокуратурасы Қылмыстық Кодекстің 139-бабы, яғни балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сот талқылауы барасында сотталушының кінәсі дәлелденді, сонымен қатар борышкердің үш айдан астам уақыт бойы алименттерді төлеу бойынша өз міндеттерін қасақана орындамағаны, төлемнен жалтарту мақсатында тікелей ниетімен өзінің нақты табысын саналы түрде жасырғаны, осыған байланысты екі миллион теңгеден астам берешек пайда болғаны анықталды", — деп жазды бақылаушы органнан.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы О.Е.Ю. ҚР ҚК 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Кінәліге қатысты 1 жыл бас бостандығын шектеу, бүкіл кезеңге пробациялық бақылау тағайындаумен, жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жазалау шарасы қолданылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу