Алматыда алименттен жалтарған 20 әке қамауға алынды

1813

Алматыда алименттен жалтарған 20 әке қамауға алынды

Алматыда алимент төлемейтін борышкерлер қамауға алынып жатыр. Қалалық прокуратура жауапсыз әкелерді іздестіріп, сот шешімін пысқырмағандарға қарсы арнайы шара ұйымдастырды.

Нәтижесінде бір апта ішінде жиырмадан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 32 адам жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қарызын өтеп үлгерген. Прокуратура қызметкерлері борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін де қолға алды. Комиссия құрамында жұмыспен қамту орталығының мамандары да қызмет атқарады.

Айта кетейік, жыл басынан бері жүзге жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Baq.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу