Жыл соңына дейін Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова алаңы жөнделіп, абаттандырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"20-шы маусымға дейін Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін абаттандыру аяқталады. Содан кейін Әлия және Мәншүк скверін абаттандыру мен реконструкциялау жұмыстарын басталады. Жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарда", - деді қала басшысы.
Оның айтуынша, биыл ауданда 69 аула мен аз қабатты тұрғын үйдің 47 қасбетін жөндеу жоспарда.
"Бүгінгі таңда 4 үйдің фасады жөнделді, ал қалғандары шілде айының соңына дейін аяқталады. Осы жылдың сәуір айынан бастап аудан әкімдігі жасыл аймақтың бәрін автоматты суару жүйесімен жабдықтап, Дүйсенов атындағы жаяу жүргіншілер көшесі мен 7 скверді модернизациялау және көгалдандыру жұмыстарын бастады",деді ол.