Алматыда Almaty Garden Show халықаралық фестивалі өтеді

153

Бұл Қазақстандағы бау-бақша өнерінің, ландшафтық дизайнның және қоршаған ортаны абаттандырудың жалғыз халықаралық фестивалі. 

Алматыда Almaty Garden Show халықаралық фестивалі өтеді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

13-15 қыркүйекте Алматының орталық саябағында Almaty Garden Show өтеді. Жыл сайынғы фестиваль Қала күнін мерекелеуге орайластырылған. Биыл іс-шара он екінші рет өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.                                                                      

Іс-шара барысында ландшафт дизайнерлері мен сәулетшілері өсімдік тәлімбақтары және бау-бақша өнімдері қызметтерін жеткізушілермен бірлесіп, бақшадағы "жоғары сән" саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетеді.

Фестивальдің басты сахнасында тақырыптық конкурстық және ойын-сауық қойылымдары, жүлделер ұтыс ойындары және фестиваль серіктестерінен сыйлықтар табысталады.

2023 жылы Almaty Garden Show-ды 30 000-нан астам адам көрген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу