Алматыда Almaty Studios шығармашылық кеңістігі ашылады

135

Жобаны A’Studio тобының жетекшісі Байғали Серкебаев бастамашылық етті.

Алматыда Almaty Studios шығармашылық кеңістігі ашылады Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен музыка және креативті индустрияны дамытуға арналған Almaty Studios шығармашылық орталығы ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кешенде дыбыс жазу студиясы, дайындық залы, оқу сыныптары, түсірілім павильоны және 100 орындық концерт залы болады. Мұнда музыканттар шығармашылық жобаларын жүзеге асырып, концерттер мен шеберлік дәрістерін өткізе алады.

Жаңа кеңістік өнер жолын енді бастаған және кәсіби музыканттарға арналған. Сондай-ақ оны мәдени және оқиғалық туризм бағытындағы іс-шараларды өткізу үшін пайдалану жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу