Алматыда алпинист оқыс жағдайда көз жұмды

221

Аталған іс бойынша тергеу басталды.

Алматыда алпинист оқыс жағдайда көз жұмды Фото: Alp-Plus

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған. Қайтыс болған альпинист 27 жаста болған.

Алматы полиция департаменті өкілдері еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Оқиғаның басқа мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу