Алматыда “альпинист” ұры ұсталды

643

Күдікті альпинистік құралдың көмегімен алматылықтардың пәтерлерін тонаған.

Алматыда “альпинист” ұры ұсталды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысынан келген 34 жастағы азамат өнеркәсіптік альпинистік құралдың көмегімен алматылықтардың пәтерлерін тонап келген.
 

"Күдікті ұсталғанға дейін Асқаров көшесіндегі 21 қабатты үйдің 12-қабатында орналасқан пәтерлердің біріне “кірген”. Ол арқанмен шатырдан түсіп, терезені сындырып, тұрғын үйге кірген. Терезенің ар жағындағы бейтаныс адам көрші пәтерлердің тұрғындарының күдігін тудырмаған: олар терезе жуушы жұмыс істеп жатыр деп ойлаған. Күдікті бөтеннің пәтерінен 3 млн теңге болатын үй иесінің мүлкін жымқырған. Біраз уақыттан кейін оны қаланың криминалдық полициясы, Әуезов аудандық полиция басқармасы және полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері ұстады", деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) тіркелген қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар, оның ішінде өндірістік альпинизмге арналған құрал-жабдықтар тәркіленіп, тіркелді. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария жатпайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу