Алматыда алты заңсыз микроқаржы ұйымынан 300-ден астам адам зардап шекті

308

Келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды.

Алматыда алты заңсыз микроқаржы ұйымынан 300-ден астам адам зардап шекті Фото: canva.com

Алматыда 200-ден астам қызметкері бар алты микроқаржы ұйымы анықталды. Олардың заңсыз әрекетінен 327 мыңнан астам адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қаржы ұйымының жұмысын шетелдік азаматтар бақылаған. Алтауы да бір құрылым ретінде жұмыс істеген. Бір кеңсені пайдаланған.

"Сот қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал микроқаржы ұйымдары алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді", – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді. Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген микроқаржы ұйымына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу