Алматыда "Алтын белгі" иегерлері марапатталды

708

Биыл Алматыда 14 876 түлек бітіріп, оның 474-і "Алтын белгі" төсбелгісімен марапатталды. 

Алматыда "Алтын белгі" иегерлері марапатталды Фото: gov.kz

Конкурс кезінде үміткерлер грантқа бірдей ұпай жинаса, онда басымдық ерекшелік иесіне беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Алтын белгі" жоғары наградасын әрбір түлекке Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сегіз аудан әкімі және білім беру саласының ардагерлері табыстады. Салтанатты жиын кезінде түлектердің шеруі өтті. 

Бұған қоса, биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль еншілеген мегаполис оқушылары аталды. 

Дәстүр бойынша түлектер қоштасу вальсін биледі. Іс-шара қазақстандық эстрада әншілерінің концертімен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу