Алматыда алып бала дүниеге келді

Босану операциялық әдіспен жүзеге асырылды.

Алматыда алып бала дүниеге келді Фото: freepik

Салмағы 6 келі 300 грамм сәби 5 қыркүйек Алматы қаласы №5 қалалық перзентханада дүниеге келді.

Аяғы ауыр келіншек перзентханаға толғақпен түскен, қабылдау кезінде ультрадыбыстық зерттеу бойынша баланың салмағы 4 келі 800 грамм болған. 

Жаңа туған нәресте бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Кененбаеваның айтуынша, бұл ультрадыбыстық зерттеу кезінде баланың салмағы бастың бипариетальды өлшеміне және құйрық-париетальді өлшеміне байланысты есептеледі. 

Нәрестенің дұрыс емес күйде жатқанына байланысты науқас кесарь тілігімен босанатын болды. 

Баланың осындай салмақпен дүниеге келгеніне дәрігерлер де, оның анасы да таңданды. 

"Бүгінгі таңда салмағы 6 келі 300 грамм болатын сәби – біздің перзентханада дүниеге келген ең үлкен бала. Босану операциялық әдіспен жүзеге асырылды. Операция сәтті өтті. Бәрі жақсы аяқталды. Ана мен оның ұлы сау. Бұл отбасындағы үшінші бала", - деп түсіндірді Кененбаева. 

Маман атап өткендей, 4 келіден асатын балалар үлкен болып саналады, ал 5 келіден асатын нәресте алып деп аталады.

Қазір анасы мен баласы перзентхананың медицина қызметкерлерінің тәулік бойы бақылауында және жақын арада перзентханадан шығуға дайындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу