Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауы басталды

290

​26 қазанда Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауының ашылу салтанаты өтіп, алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық әншілер байқауы басталды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараның бастамашысы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы.

Байқаудың басты мақсаты – Әміре Қашаубаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, дәстүрлі ән өнерінің дамуына үлес қосу және жас таланттарды қолдау. Сонымен қатар Біржан сал, Ақан сері, Естай мен Мұхит сынды халық композиторларының шығармаларын жаңғыртуға басымдық берілген.

Биыл байқауға 41 өтінім қабылданған. Іріктеуден өткен 20-35 жас аралығындағы 22 өнерпаз республикалық кезеңде бақ сынап жатыр. Қатысушылардың өнер көрсету реті жеребе арқылы белгіленді.

Байқау екі кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезеңде әншілер вокалдық шеберлігін, өзіндік орындау мәнерін және дәстүрлі ән мектептерінің ерекшеліктерін меңгеру деңгейін көрсетеді.

Өнерпаздардың орындауын белгілі әншілер мен бейінді оқу орындарының оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды. Қазылар құрамында Жақсыкелді Кемалов, Қайрат Кәкімов, Нұржан Жанпейісов, Шолпан Даржан және Гүлмира Сарина бар.

Байқау 27 қазанда қорытындыланады. Сағат 19:00-де жабылу салтанаты өтіп, үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу