Алматыда әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды

Марқұм осы жылдың 24 наурызы күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен еді.

Алматыда әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды Фото: Фото: Жазира Бегалы

Мәйіті табылған Баир Сиқымбаевтың неден қайтыс болғаны әзірге беймәлім болып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қаралы хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

– Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баир 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол – Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы, – деді Жазира Бегалы.

Аталған өлім фактісіне қатысты Алматы қаласының полиция департаменті әлі ресми дерек келтірмеді. 

Еске салайық, әнші Гүлнар Сиқымбаеваның өзі 2024 жылдың күзінде қайтыс болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу