Бүгін түнгі 12-ден бастап Түрксіб ауданында антитеррорлық операция режимі енгізілді (бұл шара тура бір тәулікке созылады).
Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәлімдеді.
Сөздерінше, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен мүшелері ұсталды.
Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ пен оқ дәрілермен қатар ұнтақ тәрізді зат тәркіленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу