Алматыда апатқа ұшыраған АН-26 ұшағының "қара жәшігі" табылды – ҰҚК

1345

ҚР Үкіметі орын алған авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында арнайы сараптау комиссиясын құрған.  

Алматыда апатқа ұшыраған АН-26 ұшағының "қара жәшігі" табылды – ҰҚК

Борттық жазу құралы ("қара жәшік") табылды және ішіндегі мәліметтері тексерілуде, нәтижелері жақын уақытта хабарланатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйене отырып.

Сонымен қатар ҚР Үкіметі орын алған авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында құрамына Ұлттық қаупсіздік комитеті, Қорғаныс және Ішкі істер министірліктерінің өкілдері кірген арнайы сараптау комиссиясын құрған.

"Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында", деп жазылған хабарламада. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туғандары және туысқандарымен психологтар жұмыс істеп жатқанын, медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Госпиталінің мамандары жұмылдырылғанын атап өтті.

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін  де барлық көмек түрлерін көрсетуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу