"Қазгидромет" РМК-нің ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында 7-9 маусым аралығында 35-37 градус ыстық күтілуде.
"Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз", – деп хабарлады ТЖД.
Департамент төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын майларды қолданыңыз;
- Алкогольді ішімдік ішпеңіз, алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;
- Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
- Денеге салмақ түсірмеңіз. Қатты жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
- Авто көлікпен ұзақ сапарларды шектеген жөн, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңы.
- Балаларды авто көлікте қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.