Алматыда аптап ыстыққа байланысты таудағы мұздық көлдерді тексеру жиілейді

1046

Бұл шаһарды селден қорғау мақсатында жүргізілетін жұмыстардың бір бөлігі. 

Алматыда аптап ыстыққа байланысты таудағы мұздық көлдерді тексеру жиілейді

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазселденқорғау" АҚПТБ ММ мен бірлесіп, Алматы қаласының биік тауларындағы мореналық көлдерді бақылау бойынша аэровизуалды тексеру жүргізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Алматы қаласының маңында 45 мореналық және мұздық көлдер орналасқан, олардың ішінде аса қауіпті – 12, ағымдағы жылы 8 көл аса қауіпті болып табылады. Аэровизуалды ұшу нәтижелері бойынша ауа температурасының жоғары болуына байланысты мұздықтарда қар жылдам еруіп жатқаны анықталды, олар қардан шамамен 25-75% - ға босатылды. 

"Барлық мореналық көлдер толтырылуда, су деңгейі қауіпті көресеткіштерге жетпеген , мұздықтардың қарқынды абляциясы байқалмайды. Қазіргі уақытта 8 көлде алдын алу жұмыстары басталды, жұмысқа бульдозерлер тартылып, эвакуациялық арналарды тазарту және тереңдету, сифон құбырларын орнату және монтаждау, сондай-ақ сорғы қондырғыларын іске қосылды, белгіленген 9 сифон желісі бойынша су ағызылып, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" АҚ әуе борттарымен көлдерге өнімділігі жоғары полиэтилен құбырларының сорғыларын жеткізу қамтамасыз етілген. Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 90 адам жұмылдырылды" – деп хабарлады ТЖД.

Мореналық көлдердің жай-күйіне бақылау жүргізу үшін тұрақты негізде жұмыс істейтін 22 гидрометеорогиялық бекеттер жұмыс істеуде. Күннің аптап ыстық болуына байланысты мореналық көлдерді аэровизуалды тексеру  аптасына 2 рет жүргізіледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу