Алматыда арақ-шарап жасайтын астыртын цех анықталды

1149

Алматыда арақ-шарап жасайтын астыртын цех анықталды

Оңай олжаны көздегендер Алғабас елді мекеніндегі жер үйлердің бірінде қымбат спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған, деп хабарлады КТК арнасы.

Заңсыз кәсіптің көзін тапқандарды Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары анықтапты. Алдымен олар Іле ауданында дайын өнімдер тиелген жүк көлігін ұстаған. Ішінен 60 жәшік коньяк тәркіленді. Кейін бұл заңсыз өнімдердің барлығы Алматыдағы астыртын цехта дайындалғаны анықталған. Ол жерді тінту барысында 500 шөлмек дайын арақ-шарап, жүздеген литр спирт, жалған акциздік маркалар мен арнайы арақ құюға арналған құрылғы тәркіленді.

"Цех 1-1,5 жылдай уақыт жұмыс істеген. Арақтарды Қарасай, Талғар, Іле аудандарындағы сауда орындарына өткізген", –  деп мәлім етті  Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығы Кәкімбек Көпжасаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу