Алматыда арандатушыларға қарсы митинг өтті

726

Алаңға шыққандар қолдарына "Біздің күшіміз – бірлікте", "Экстремизмге жол жоқ", "Біз соғысқа қарсымыз", "Арандатушыларға жол жоқ" деген транспарант ұстап жүр.

Алматыда арандатушыларға қарсы митинг өтті

Фото: azattyq.org

Алматыда "Біз біргеміз" ұранын ту еткен бейбіт митингіге мыңдаған адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алаңға шыққандар қолдарына "Біздің күшіміз – бірлікте", "Экстремизмге жол жоқ", "Біз соғысқа қарсымыз", "Арандатушыларға жол жоқ" деген транспарант ұстап жүр.

"Біз ардагерлер, Президенттің тапсырмалары орындалып жатқанын айтқымыз келеді: көпбалалы аналарға көмек, несие қарыздарын кешіру, бұның барлығы алға жылжуды көрсетеді", – деді "Nur Otan" өкілі, Қарулы күштер ардагері Ким Серікбаев.

Білім беру саласының ардагері Тамара Шәкірова қай саладағы прогресс болуы үшін қолда қару болмауға тиіс екенін айтты.

"Мен ана және әже ретінде, көпұлтты Қазақстанның азаматы ретінде бізде бейбітшілік болғанын қалаймын. Мен осы митингке бір мақсатпен келдім. Қоғам қайраткерлері не айтар екен? Соны естуге келдім", – деді ол.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Айсұлу Ерниязова сыни пікір айтатын жастарға ой білдірді.

"Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде "диван батырларының" саны артып келеді. Мен осы тұрақтылықты лайк пен хайп үшін құрбан етуге дайын тұрған замандастарыма ішім ашиды. Оянғандар қазір қайда? Зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға әлеуметтік жәрдем беретін бір бағдарлама жасамай ма? Біздің еріктілер екі тәулік ішінде 150 тонна цемент тасып, Арысты қалпына келтіруге тырысты. Әлеуметтік желілерде "қазақкөктем" хэштегін таратқан азаматтар бәріміз отырған қайықты шайқап жатқанын түсінбейді", – деді  ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу