Алматыда арбада отырған 3 жасар қызды мопед қағып кетті

281

Кішкентай қыз ауруханаға жеткізілген. 

Алматыда арбада отырған 3 жасар қызды мопед қағып кетті Фото: Куәгерлерден

Алматыда 24 жастағы мопед жүргізуші арбадағы 3 жасар баланы қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы 1 қараша күні сағат 20.25-те Бостандық ауданында болды.

"24 жастағы мопед жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі веложол бойымен шығыс бағытқа қарай келе жатып, Брусиловский көшесінің қиылысында үш жасар қыз бала отырған арбаны қағып кетті", - делінген хабарламада.

Қыз бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.

Қалалық полиция департаменті бұл дерек өндіріске қабылданғанын жеткізді.

"Тиісті сараптама тағайындалады және мопед жүргізушісіне қатысты шаралар қабылданады", - деп хабарлады ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу