Алматыда арбаға таңылған ақсақалды ұрған күдікті іздестіріліп жатыр

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті.  

Алматыда арбаға таңылған ақсақалды ұрған күдікті іздестіріліп жатыр Фото: Pexels

Көпшіліктің ашуын туғызған жайтқа байланысты полиция тергеу жұмыстарын да бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиғаның Алматы қаласында болғаны айтылады. Видеодан ер адамның мүмкіндігі шектеулі қарт кісіге қол көтергенін байқау қиын емес. Ал әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның іс-әрекетін қатаң сынап, лайықты жазалануын талап етуде. 

Алматы қаласы полиция департаменті заңсыз әрекеттерді көрсеткен бейнеге байланысты тергеу жұмыстары бастағанын мәлімдеді. Олар күдіктіні заң аясында жауапкершілік күтіп тұрғанын ашық айтқан.  

– Оқиғаға қатысушылар анықталып жатыр. Дене жарақатын келтірген ер адамның әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі. Жанжалдың себептеріне қарамастан, қарт адамға, әсіресе мүгедектер арбасына таңылған адамға зиян келтіруге жол берілмейді және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады, – делінген департамент таратқан ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу