Алматыда архив қызметкерлеріне арналған семинар өтті

658

Алматыда архив қызметкерлеріне арналған "Архив қорларын жинақтау және мемлекеттік есепке алуды жүргізу" тақырыбында өңірлік семинар өтті, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Алматыда архив қызметкерлеріне арналған семинар өтті Фото: gov.kz

Семинар барысында архив қорларын сапалы жинақтау, Ұлттық архив қорының құрамына құжаттарды жатқызу бойынша өлшемшарттарды қолдану, мемлекеттік есепке алуды жүргізу ерекшеліктері, оның ішінде "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" ақпараттық жүйесіндегі мәселелер талқыланды.

Екі секция бойынша жоспарланған тақырыптық алаңда архившілер архивтік құжаттарды жинақтау және есепке алу жөніндегі заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іс жүзінде қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу