Алматыда әріптесі жаралаған полицей көз жұмды

1045

Алматыда әріптесі жаралаған полицей көз жұмды

Алматыда әріптесі оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Дәрігерлер полиция қызметкерін аман алып қалуға барынша күш салды. Бірақ, өкінішке орай, жасалған отаға қарамастан, ол түнгі 22:00-де көз жұмды. Күдіктіні қалалық ішкі істер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері қамауға алды. Адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Оқыс оқиға қалалық жергілікті полиция қызметі аумағында болған. Олар кезекшілікке түскен. Соған сәйкес қару алған. Туыстардың бірі қылмысқа баруға шешім қабылдап, туысына табельдік қарудан оқ атқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу