Алматыда Армениядан алып келген 501 көлік бар

766

Бұл көліктерді тіркеу 1 маусым - 1 қыркүйек аралығында жүзеге асады. 

Алматыда Армениядан алып келген 501 көлік бар

Алматыда Армениядан алып келген көліктерді тіркеу басталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев айтты. 

"Армениядан алып келген көліктерді тіркеу 1 маусым - 1 қыркүйек аралығында жүзеге асады.  Тіркеу құны 12 мың теңгеден аспайды. Қазірге дейін 33 көлік тіркелді. Жалпы алматылықтар 501 көлік алып келген. Оның 119-ының рөлі оң жақта.  88 көлік былтырғы жылдың соңы мен биылғы жылдың басында тіркелген",– дейді Жандос Мұратәлиев. 

ӘП басшысының айтуынша көлік Армениядан алып келген адамның атына ғана тіркеледі. Тіркеу үшін арнайы қызмет көрсету орталығына келуі керек. Көлік иесінің қолында жеке куәлік пен көлік құжаттары болуы тиіс. 

"Қазір жол-патрульдік топтар көшеде армениялық көлік иелерін тоқтатып, ақпарат беріп, арнайы жадынамалар таратуда. Арнайы желі ашып, 500-ден астам адам кеңес алды", – деді полиция өкілі. 

Құралай Құдайберген  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу