Алматыда ArtSport бойынша секциялар мен үйірмелерге кімдер тегін қатыса алады

799

Алматы әкімдігі әзірлейтін жаңа бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға арналады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда ArtSport бойынша секциялар мен үйірмелерге кімдер тегін қатыса алады

Алматыда 4 пен 18 жас аралығындағы 383 мың бала мен жасөспірім тұрады.  Оның ішінде 150 мыңнан астам балалар мен жасөспірім халықтың әлеуметтік осал топтары немесе спорт секциялары мен үйірмелерге баруға мүмкіндігі жоқ отбасылардың өкілдері.

 Әкімдік екі ай ішінде іске қосуды жоспарлап отырған бағдарламаға сәйкес үйірмелер мен секцияларға:

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізбесіне енгізілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын балалар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- қандастардың балалары;
- көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
- толық емес отбасылардан шыққан балалар;
- табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу