Алматы қаласында арықтан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала деректер бойынша, ол тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткен. Салдарынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу