Алматыда арыстанның күшігін заңсыз асыраған тұрғын анықталды

613

Полиция қызметкерлері экзотикалық жануарларды тәркілеген.

Алматыда арыстанның күшігін заңсыз асыраған тұрғын анықталды Фото: видеодан скриншот

Алматылық тұрғын арыстанның екі күшігін заңсыз асыраған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ПД өкілдерінің мәліметінше, 4 мамырда Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда арыстанның 5 айлық екі күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылы туған азамат А.-ны әшкерелеген. 

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі ("Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз ұстау") бойынша қылмыстық құқықбұзушылық негізінде Қарасай ауданы бойынша тіркелді", - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Дерек бойынша қылмыстық істің толық және жан-жақты тергеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу