Алматыда белгісіз әйел асханадан садақа жәшігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 40 жастағы қала тұрғыны анықталды. Әйелдің асханаға кіргені белгілі болды. Әкімшімен сөйлескенде, ол ақша жинауға арнап орнатылған қорапқа назар аударған. Оның іс-әрекетін ешкім бақыламайтынын пайдаланып, қолма-қол ақша ұрлады деген күдікке ілігіп отыр", – дейді Алмалы аудандық ПБ бастығының орынбасары Владимир Решетников.
Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдарының біріне тиесілі. Ал ұсталған Ш. есімді азаматша бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша іс тергелуде.