Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жасалған 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішінің ресми ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды massaget.kz.
Аталмыш шараға репрессия мен ашаршылыққа ұшырағандардың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қала белсенділері мен жастар қатысты.
1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші "Қарағайлы" саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу