Алматыда "Аshyq" қатысушыларын санитарлық бақылау күшейтіледі

981

Мониторингтік топтар жүйе аясында жұмыс істейтіндерді жіті тексереді. 

Алматыда "Аshyq" қатысушыларын санитарлық бақылау күшейтіледі Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында қалалық штабтың онлайн-отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Жиында санитарлық нормалардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтарының жұмысы туралы мәселе қаралды. Алматыда күн сайын 40 бақылау тобы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың басынан бастап 23 мыңға жуық объектіде карантиндік шаралардың сақталуы тексерілді, оның 2 мыңнан астамы карантиндік шектеулерді бұзды. 74 қасақана бұзушыларға қатысты материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарына жіберілді, 53 жағдай бойынша шешімдер қабылданды, соның ішінде, 37 нысанның қызметі тоқтатылды", - деп жазылған хабарламада. 

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметтері бойынша, бүгінгі күні "Аshyq-пен" жұмыс істейтін ШОБ-тың  17 субъектісінде шектеу шараларын бұзу фактілері анықталды. Осыған байланысты Ержан Бабақұмаров карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды, әсіресе "Аshyq" жобасы аясында жұмыс істейтін нысандарда. Бүгінде Алматыда осы жоба аясында 1500-ге жуық кәсіпкерлік субъектілері бар.

"Аshyq" жобасының қатысушылары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, мониторингтік топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау үшін материалдарды жібереді. Заң бұзушылық қайталанған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілері жобаға қатысушылар тізімінен шығарылады және екі аптадан екі айға дейінгі мерзімге жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады.

Бүгінгі күні бақылау топтары келесі талаптардың орындалуын тексереді: жұмыс кестесі, іс-шаралар түрі (бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады), әлеуметтік арақашықтық, бетперде режимі және келушілер санына шектеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу