Алматыда "Ashyq" жобасына 2 332 адам тіркелді

633

Жоба ең кемі  15 мың қазақстандықты жұқтыру қаупінен және 61 адамды өлімнен сақтауға ықпал етіпті.

Алматыда "Ashyq" жобасына 2 332 адам тіркелді Фото: Максим Морозов

Алматыда "Ashyq" жобасына 2 332 қатысушы тіркелді. Бұл туралы 29 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

С. Лесбаева коронавирус жұқтырған және солармен байланыста болған азаматтарды анықтауға бағытталған цифрлық жоба аясындағы бизнес-нысандардың жұмысы туралы айтты.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарының айтуынша, Қазақстан аумағында 10 932 бизнес субъектісі Ashyq жобасына тіркелді. Сондай-ақ 524 кәсіпкер өтінім берген. Қосымшаны 4 миллион қазақстандық белсенді қолданады. Оның көпшілігі Алматыда тұрады. Сарапшылар күніне шамамен 200 мың сканерлеуді есептейді. 

"Бүгінде жоба Қазақстан бойынша "қызыл" мәртебесі бар 5 088 және "сары" мәртебесі бар 4 998 келушілерді анықтады. Бұл 3 маусымдағы нәтижелермен салыстырғанда 3 107 келушіге көп. Жоба өз тиімділігін көрсетті. Әсіресе әуежайдағы жұмыс өнімді", – деді С. Лесбаева. 

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында 252 жағдай тіркелсе, Алматы әуежайында КВИ жұқтырған 171 адам тіркелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу