Әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен оңтүстік астананың 50 тұрғыны әскерге аттанды.
Жуырда олар Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырмақ. Тек рухы өр, тәні бекем жігіттер ғана айбынды десанттық әскерлерде қызмет ету құрметіне ие.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу