Алматыда әскери полиция басшысы қамауға алынды

938

Пара көлемі – 1 млн теңге.

Алматыда әскери полиция басшысы қамауға алынды

Алматы облысында әскери полиция басшысы қарамағына адам алғаны үшін пара алмақ болған.

"Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы өңірлік гарнизонына қарасты әскери полиция жасағының жедел әрекет ету басқармасының басшысының үстінен сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол азаматты өз қарамағына жұмысқа алу үшін және әрі қарай қызметте қамқорлық көрсету үшін 1 млн теңге көлемінде  пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті өз кінәсін мойындағандықтан қамау шарасы қолданылмады",– делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу