Алматыда астыртын казино түріндегі бизнесті ұйымдастырушылардың жолы кесілді

418

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. 

Алматыда астыртын казино түріндегі бизнесті ұйымдастырушылардың жолы кесілді Фото: Егемен Қазақстан

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, үстел жапқышы (мата), ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленді.

Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу