Алматыда ат бәйгесі өтті

1035

Алматыда ат бәйгесі өтті

Алматыда қалалық ипподромда естен кетпес мереке өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары тартысты да қызықты ат бәйгелерін тамашалады. Салтанатты ашылу рәсімінде әйгілі каскадерлер командасы Nomad Stunts, ACTION FOR RED "Красный Полумесяц Казахстана" қызметінің құрметіне орай аттардың қатысуымен шоу көрсетті, деп хабарлайды aikyn.kz.

Бағдарлама бойынша түрлі қашықтықтарда 8 ат жарысы өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам жүйрік жылқылар мен үздік шабандоздар жарыс жолына шықты.Спорттық шара естен кетпес бәйгемен аяқталды.

"Бүгін үш жасар биелер арасында ең басты дода өтті, онда үздік жыл биесі анықталды. Бұл бәйгенің қашықтығы 2400 метрді қамтиды. Олар екі айналымды жүгіріп өтіп, өзара мықтыны анықтады.Жалпы, бүгін бұқаралық, ауқымды шаралардың бірі біздің ипподромда өткеніне аса қуаныштымын. Осылайша, жүйрік жылқылар мен биелер іріктелді. Енді олар алдағы жарыстарда қала намысын қорғайтын болады. Осымен бесінші ат жарыстары өз мәресіне жетті, осы маусымда 10 шара жоспарланғанын айтып өткім келеді", - деді алматылық ипподромның директоры Юрий Кищенко.

Әрине, 1 санаттағы Қазақстандағы ОКС және Элита жүлдесін ерекше атап өтуге болады. ОКС жүлдесі 1778 жылы Окс (Дубрава) мекенінде, лорд Дерби негізін қалаған. Бүгінгі күнге дейін 3 жасар биелер үшін маңызы зор, әйгілі жүлделердің бірі. Сондай-ақ, Элита жүлдесі – 4 жастан жоғары асыл тұқымды аттарға арналған ат жарысы. Аталмыш бәйгеге тек дербишілер мен алдыңғы жарыстардың жеңімпаздары ғана қатыса алады. Ал Анилина жүлдесі үш дүркін Еуропа жүлдесінің жеңімпазы, жүйрік сәйгүліктің құрметіне аталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу