"Христиандық еске алу күніне" орай уақытша 2023 жылдың 25 сәуірінде қосымша автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін алматылықтар үшін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
№88 маршрут "Қонаев көшесі-Батыс зират" қосымша автобустармен күшейтіледі, жөнелту пункті - Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысы.
Сонымен қатар "Алматы т/ж вокзалы - 1-Батыс зират" және "Алматы - 1 теміржол көпірі – төменгі Пятилетка зираты" қосымша бағыттары қатынайтын болады.
Сондай-ақ, зират маңынан өтетін №7, 13, 30, 31, 40, 50, 56, 57, 63, 69, 72, 74, 77, 80, 100 маршруттар толық құрамда жолға шығарылатын болады.