Алматыда ата-анасыз қалған екі қыздың үйін сатып жібермек болған сот орындаушысының жолы кесілді

2067

Алматыда ата-анасыз қалған 2 қыздың үйін сатып жібермек болған сот орындаушысының жолы кесілді, деп хабарлайды Atameken Business.   

Алматыда ата-анасыз қалған екі қыздың үйін сатып жібермек болған сот орындаушысының жолы кесілді

15 және 3 жастағы қыздардың анасы сотталып кеткен. Жеке сот орындаушысы Расулов үшінші тараптың арызына сүйеніп, сотталушыдан 46 млн теңгені өндіру қажет деген желеумен, үйдің жартысын сатпақ болған.

Оның бұл әрекетін Медеу аудандық сотының судьясы Молдабаев та қолдап, шешім шығарып берген. Заңды белшесінен басқандар меншік иесінің қатысуынсыз мүлікті бағалаған.

Ал қорғансыздың күнін кешкен қос мұңлықты күштеп шығарып жібермек болыпты.

Алайда абырой болғанда, қыздардың әпкесі, яғни қамқоршысы Алматы қалалық сотына арыз түсіріп, соттың бірінші сатыдағы үкімінің күшін жойдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу