"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Тимирязев 42 – "Атакент" көрме кешені мекенжайы бойынша жоғары шенге жіберілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін №9 павильон ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Таралу қаупі жоқ", - деп жазылған таратылған хабарламада.
Әкімшіліктің айтуынша, ғимарат қайта жөндеуде. Өрттің таралу қаупі жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 17 бірлік техника, жеке құрамнан 50 адам жұмыс істейді. Сағат 17:11-де өрт сөндірілді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Атакент" маңында өрт болып жатқаны жазылған болатын.