Алматыда атаулы әлеуметтік көмекке 4,6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Мұндай көмек мегаполистің 48 мыңнан астам тұрғынына тағайындалды, оның 37 мыңнан астамына төлем жасалды.   

Алматыда атаулы әлеуметтік көмекке 4,6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді Фото: Almaty.tv

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Алматы қаласының Мансап орталығының өкілдері хабарлады.

Кедейлік шегін тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгілейді. Алматы қаласында 2023 жылдың 3 тоқсанындағы кедейлік шегі 34 929 теңгені құрайды.

"АӘК-ке үміткер тұлғалар консультациялар алу үшін және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтерді ұсынылу шарттары туралы акпарат алуға, тұрғылықты тіркелген мекен-жайы бойынша Мансап орталығының қызметкерлеріне жүгіне алады немесе онлайн өтініш бере алады. Үміткерлер өтініш беру үшін, тұрғылықты мекен- жайға тұрақты немесе уақытша тіркелу қажет және уақытша тіркелген жағдайда АӘК -ке 6 ай өткен соң ғана өтініш бере алады. Мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған және цифрландырылған. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды қолма-қол өткізу талап етілмейді. АӘК тағайындау үшін үміткерлерге тоқсан сайын өтініш беруі қажет", - деді Алматы қаласы Мансап орталығының жетекшісі Әділет Жаңабаев.

Айтуынша Алматыда атаулы әлеуметтік көмекке 4,6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Төлем 48 мыңнан астам тұрғынына тағайындалды. 

Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу