Алматыда атыс кезінде қаза тапқандар мемлекеттік наградалармен марапатталды

801

Тиісті жарлық сенбіде Мемлекет басшысының сайтында жарияланды. 

Алматыда атыс кезінде қаза тапқандар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан екі полиция қызметкері мен жеке сот орындаушысына қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент жарлығымен "қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін" қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен аудандық полиция бөлімінің инспекторлары Нұрбол Байғазиев пен Дархан Сүлеев, "Ерлігі үшін" медалі – Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшесі Мұрат Әбенов марапатталды.

Еске салар болсақ, 20 қыркүйекте Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында сот шешімімен жеке үйден шығару кезінде 54 жастағы ер адам сот орындаушылары мен учаскелік полиция қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырды. Бес адам қаза тапты, оның ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, мүліктің жаңа иесі және оның досы. Оқ атқан адам ұсталып, қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу