Алматыда атыс шығарған күдікті Ресей азаматы болып шықты

882

Алматы полициясы "Бұхар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған адамның азаматтығын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz .  

Алматыда атыс шығарған күдікті Ресей азаматы болып шықты

Алматы қаласы Полиция департаменті өкілі Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, күзетшіні атқан адам Ресей азаматы.

"Ресей Федерациясының азаматына тиесілі қарудың меншік құқығы тергеу барысында анықталады",-деді ол.

Сондай-ақ желіде қарулы адамның жеке тұлғасына қатысты ақпараттар тарай бастады. Мәлімет бойынша, Ресей азаматының аты-жөні Исаев Р.А. 1968 жылы туған.

Сондай-ақ ер адам "соғыс өткен жерден келген тұлға" дәрежесі бойынша есепте тұрған.

Айта кетсек, 24 сәуір күні белгісіз ер адам "Бұхар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешені күзетшісін атып жарақаттаған. Кейін пәтеріне жасырынған атқышпен полиция алты сағат бойы келіссөз жүргізді. Алайда қолға түскісі келмеген қарулы адам 17 қабаттан секіріп кетті. Полицияның алдын ала дерегі бойынша, атысқа өзара жанжал себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу