Алматыда ауа райына байланысты ескерту жасалды

204

Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: kom.city

"Қазгидромет" РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 22-24 маусым аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, 22 маусымда жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты ТЖД тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, дауылды жел соғады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін.

22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу