Алматыда ауа сапасын бақылау үшін 20 мобильді станция сатып алынады

361

Бұл қаланың кез келген нүктесіне орналастырылып, ауа сапасы туралы деректерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді.

Алматыда ауа сапасын бақылау үшін 20 мобильді станция сатып алынады Фото: Kazinform.kz

Мәслихат отырысында атмосфералық ауа сапасын бақылауға арналған 20 мобильді экологиялық станция сатып алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінде Алматыда 16 стационарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Алайда олар қаланың барлық ауданын толық қамтуға және ластану көздерін жедел анықтауға мүмкіндік бермейді.

Осы мәселені шешу мақсатында 20 мобильді экологиялық станция сатып алу жоспарланып отыр. Бұл қаланың кез келген нүктесіне орналастырылып, ауа сапасы туралы деректерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді.

"Жаңа станциялар ауа сапасының қай жерде және қандай себептермен нашарлайтынын анықтауға көмектеседі. Атап айтқанда, көлік жүктемесінің әсері, өндірістік нысандардың қызметі немесе жеке секторда қатты отынды пайдалану салдарынан туындайтын ластану деңгейі бағаланады", – делінген Алматы мәслихатының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жиналған деректер нақты шешім қабылдауға негіз болады. Атап айтқанда, ластану көздеріне бақылауды күшейту, жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру, қоғамдық көлікті дамыту, төмен эмиссия аймақтарын (LEZ) енгізу және жекелеген аумақтарды газдандыру шараларын іске асыру мәселелері қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу