Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесін кеңейту жоспарлануда

173

Қалада ауа сапасын бақылайтын 20 жылжымалы станция сатып алынбақ.  

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесін кеңейту жоспарлануда Фото: undp.org

Алматы қалалық мәслихатында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау жүйесін күшейту мәселесі қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Алматыда 16 стационарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Алайда олардың мүмкіндігі қаланың барлық аумағын толық қамтуға және ластану көздерін жедел анықтауға жеткіліксіз екені айтылды.

Жаңа жылжымалы станциялар қала аумағының кез келген нүктесінде орналастырылып, ауа сапасының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен көлік қозғалысы, өнеркәсіптік нысандардың жұмысы және қатты отынды пайдалану сияқты ықпал етуші себептерді нақтылау жоспарланып отыр.

Жиналған деректер экология, қоғамдық көлікті дамыту, газдандыру және зиянды шығарындыларды азайту бағытындағы шешімдерді қабылдауға негіз болмақ.

Сондай-ақ жаңа жүйе экологиялық жобалардың тиімділігін бағалап, Алматыдағы ауа сапасын жақсартуға бағытталған шараларды нақтылауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу