Алматыда ауаның ластануы қалыпты деңгейден үш есеге артқан

3407

Алматыда ауаның ластануы қалыпты деңгейден үш есеге артқан

Алматы экологиясы сын көтермейтін қалалар сапында, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы уақытта шаһардағы ауаның ластануы қалыпты деңгейден бірнеше есеге артқан.

Екі миллионға жуық тұрғыны бар шаһардың экологиялық жағдайы төмен. Қазгидромет мамандарының мәліметінше, қаланың төменгі аудандарындағы ауаның ластануы қалыпты деңгейден үш есеге артқан.

"Іле ауданы, Алатау ауданы, Бостандық ауданы, Түрксіб аудандары бойынша ластану көрсеткіштері байқалады. Қала бойынша ең жоғары көрсеткіш Алатау мен Түрксіб аудандарында байқалады. Жоғары шекті рұқсат етілген концентрация қалыпты нормадан үш есе көп норманы көрсетеді",  - деді Қазгидромет" РМК  қалалық филиалының бөлім басшысы Жанар Махметова.

Статикалық мәліметке сәйкес, ауадағы көмірқышқыл газының 11 пайызы жылу электр станцияларынан бөлінеді. Ал зиянды газдың 70 пайызы көліктерге тиесілі екен.

Айта кетейік, қалада тәулігіне 750 мың көлік жүреді. Оның үштен бірі сырттан кіріп, шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу