Алматыда ауаның ластануы карантинге дейінгі деңгейге қайта жетті

1038

Карантин кезінде мегаполисте ауаның ластануы 5 ШРК-дан 2 ШРК-ға дейін түскен.

Алматыда ауаның ластануы карантинге дейінгі деңгейге қайта жетті

Алматы қалалық экология департаментінің хабарлауынша карантин кезінде автокөліктерден бөлінетін улы газ мөлшері едәуір азайған. Осылайша, ауа ластануының негізгі көзі автокөлік түтіні екені анықталған.

Алдын ала мәліметтер бойынша ауа өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда тазара түскен.  Алматыдағы ауаның газдану деңгейіне үш фактор әсер етеді: автокөліктерден шығатын газдар, жылу электр станцияларынан бөлінетін көмір түтіні және жеке сектордан шығатын түтін. 

Экология департаментінің хабарлауынша карантин қоршаған ортаның тазаруына айтарлықтай көмектескен. Мысалы, бір ай ішінде Алматыда ауаның ластануы 5 шекті рұқсат етілген концентрациядан 2 ШРК-ға дейін түсті.  Карантин алынғаннан кейін бұл шаманың қайтадан 5 ШРК-ға өскені байқалды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу