Алматыда аудан әкімдіктерінің бюджеттері 2,7 есе көбейеді

Ал штат саны 152 бірлікке ұлғайды.  

Алматыда аудан әкімдіктерінің бюджеттері 2,7 есе көбейеді Фото: Almaty.tv

Бұл туралы Ерболат Досаев Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс II сессиясында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биылғы жылға дейін Алматыда негізгі басқару шешімдері қалалық әкімдік деңгейінде қабылданды.

"Қала тұрғындарымен тұрақты кездесулеріме жүргізілген талдау көрсеткендей, маған қойылатын сұрақтардың жартысынан көбі аудан әкімдерінің құзыретіне жатады және солардың деңгейінде шешілуі тиіс сұрақтар. Әкімдіктің бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 1 сәуірден бастап аудандық әкімдіктерге қалалық деңгейден қосымша 15 функция берілді. Осы орайда, өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде 8 аудандық әкімдіктің 2023 жылға арналған бюджеттері 60,4-тен 164,5 млрд теңгеге дейін 2,7 есе көбейеді", – деді Досаев.

Бұдан басқа аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайды, оның ішінде жаңасы – 56 және 96-ы қалалық басқармалардан берілді.

"Осы шаралардың арқасында аудан әкімдіктерінде жаңа мүмкіндіктер мен қосымша қаржы ресурстары пайда болады, шешімдер қабылдау жылдамдығы мен сапасы жақсарады әрі аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артады",  – деді Алматы әкімі Мәслихат отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу