Алматының аудандық әкімдіктерінің өкілеттіктер артып, дербестікке ие бола бастағалы бюджеттері де ұлғаюда.
1 сәуірден бастап оларға 15 жаңа функция берілді.
Наурызбай ауданының бюджеті 4,4 млрд теңгеден 13,1 млрд теңгеге дейін – 3 есеге өсті.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты.
Бұл әкімдіктерге тұрғындардың өтінішін дереу қарастыруға және ауданның мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
"Осы жылдың өзінде аудан тұрғындары осы өзгерістердің оң әсерін сезінеді деп сенемін", - деді қала басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу